Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен «Тазалық – иманның жартысы» атты тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мешіт ауласына жасалған бұл арнайы шараға 20 қызметкер жұмылдырылды. Мешіт ауласын тазартқан қызметкерлерге аудан имамы өз алғысын білдіріп, Рамазан айында жасалған бұл игі істің сауабы турасында насихат айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

