Тараз қаласы: «Құлбай баба» мешітінің ауласы абаттандырылды

Тараз қаласы: «Құлбай баба» мешітінің ауласы абаттандырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласына қарасты «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің ұйымдастыруымен мешіт ауласында сенбілік жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алла үйінің айналасына тазалық жасалып, арам шөптер жұлынып, қоқыстардан тазартылды. Талдардың түптері қопсытылып, жаңадан 800 түп гүл көшеттері отырғызылды. Гүл алуға жұмсалған қаражат 104 000 теңгені құрайды.

   «Тазалық иманның жартысы» демекші, мешіт ұжымы осы игі әрі сауапты іс арқылы имандылықтың белгісін көрсетіп, барша жамағат пен қала тұрғындарына үлгі болды.

   «Құлбай баба» мешітінің ұжымы құлшылық үйінің әсемдігі мен тазалығына қатысты жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

«Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: