Ауызашар кеші мұсылман жұртшылықтың басы қосылып, бірге дұға етіп, Алланы еске алатын игі жиыны. Осындай бас қосу ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мейрамханада жасалды.
Сектор жетекшісі Нұргүл Алиханқызы жамағатқа әсерлі уағыз айтып, қадір түні, ораза, құлшылыққа деген құлшыныстарын арттырды.
Көпшілікпен түрлі қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаздарына Тараз қаласындағы шариғи бренд киімдер сататын дүкенге 2 сертификат табысталды.
Жиналған қауым бірлесіп ауызашар дұғасын жасап, ақ дастарханда бірге ас ішті.
Рухани кештен ерекше әсер алған әйелдер жамағаты алғыстарын жаудырып, разылықтарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі