Жақында діни басқарма тарапынан бастау алған, «Тазалық – иманның жартысы» атты республикалық сенбілік акциясы өткен болатын. Аталмыш игі шарадан Тараз қаласының мешіттері де қалыс қалмай, акцияға қолдау білдірді. Қаланың бас мешіті саналатын «Әулие ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Орымбайұлының қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула тазартылды, гүл түптері қопсытылып, арамшөптер жұлынды.
Сондай-ақ осы күні қалаға қарасты барша мешіттер де игі шараға қолдау білдіріп, сенбілік тазалық жұмыстарын жүргізді. Аулаға гүл отырғызылып, көгалдар ретке келтірілді. Жамағат жұмыла Алла үйлерінің көркіне көрік қосты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші мешіттің айналасының тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір мұсылман пенденің міндеті.
Амангелді Ембергенов
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі