Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Әжелер алқасы" мен білім алушы апалар күніне ұстаздарымен бірге 3 пара Құран оқуда. Рамазан айы басталғаннан күнделікті тұрақты түрде оқылып жатқан Алланың кәләмі Құран хатым түсіру мақсатында.
Ақ жаулықты ақ әжелер Рамазан айында 2 рет Құран хатымын жасамақшы. Айта кетейік, әжелер арасында 60 тан 80 жасқа дейінгі кейуаналар да бар.
Қарттық деп еш сылтауратпастан арабшадан оқып, Құран хатымын жасап жатқан ардақтылардың ниеті мен дұғасын Алла қабыл етсін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі