Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясында 50 мұқтаж отбасына азық-түліктей көмек таратылды.
Атап айтқанда жалғызбасты ана, мүгедектер, көпбалалы отбасылар қамтамасыз етілді. Шараға ардагерлер алқасының төрағасы арнайы келіп, батасын берді. Рамазан айында берілген садақа-қайырымдылық қабыл болуын тілеп, ризашылықтарын білдірді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі