#Қордай: "УАҚЫП" қайырымдылық қоры 33 адамға жәрдем жасады

#Қордай: "УАҚЫП" қайырымдылық қоры 33 адамға жәрдем жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық "УАҚЫП" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен "Жомарт кәсіпкер" іс-шарасы өтті. Қайырымдылық науқаны аясында бірнеше ауылда тұрғындарға көмек көрсетілді.

Атап айтсақ, Қордай орталық мешітінде 3 отбасыға жалпы 108 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Ал Кенен ауылдық мешіті 1 бұқа сойып, етін 20 отбасыға таратып берді. Ірі қара үшін жұмсалған қаражат 350 000 теңгені құарады.

Сарыбұлақ ауылдық мешіті мүмкіндігі шектеулі жанға арнап инфоколяска сыйға тартты. Аталған шектеулі жандарға арналған бұйым 150 000 теңгеге сатып алынды. Өңірдегі "Рахман" мешіті 9 отбасыға қайырымдылық жасап, 180 000 теңгені жұмсады.

 Қор атынан жалпы 33 адамға 788 000 теңгеге қайырымдылық көрсетілді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: