Зекет – асыл дініміздің негізгі бес парызының бірі. Зекет тілдік тұрғыда:тазару, өсу, өну, арту және береке деген ұғымды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Жақында Шу ауданы Жаңажол ауылында 6 бас қой зекет ретінде ауылдағы әл-ауқаты әлсіз жандарға үлестірілді. Игі істің басында болған «Күнту баба» мешітінің имамы Берік Әуесбаев 6 бас қойды тиісті иелеріне табыстады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі