#Меркі ауданы: Ұлтаралық бейбітшілік насихатталды

#Меркі ауданы: Ұлтаралық бейбітшілік насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданын мекен еткен 30 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

"Бейбітшілік және келесім" жобасы аясында Меркі ауданында тұратын түрік ұлтының өкілдері аудан тұрғындарына ауызашар берді.

Ауызашар беру – сауапты іс. «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы іс-шараның негізгі мақсаты тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен қоғамды біріктіру екендігін атап өтті.

«Алла Тағала: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып,  табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер,  Алланың алдындағы ең ардақтыларың  – ең тақуаларың», – деп айтқан. Ауданда тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Меркі ауданының табысты дамуының кепілі.

Осындай іс-шараға атсалысып отырған барша азаматтарымызға Алла разы болсын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады», – деп жауап береді» - деген. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін», - деп сөзін тәмамдады.

Сөз соңын барша мұсылман қауымын Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, осындай игі іс-шараға барлық азаматтарды атсалысуға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: