Жақында Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов аудан орталығындағы М.Мақатаев атындағы мектеп болып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.
Жүздесу барысында тәрбие тал бесіктен басталатыны туралы айтылып, елдің ертеңі болған бүгінгі жасөспірімдерге насихат жасалды. Онда имам оқушыларға ата-ананың құрметтеп, Отанды сүйіп, мұғалімді тыңдап, сабақты жақсы оқу керектігін айтып, болашақтың бейнесі жастар екенін жеткізді.
Жиын соңында оқушылар имамға сұрақтарын жолдап, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі