#Шу: Құран түскен айдағы қайырымдылық

#Шу: Құран түскен айдағы қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу өңірінің мешіттері жыл бойы жасап келе жатқан қайырымдылық жұмыстарын жалғастырып келеді. Ал 12 айдың сұлтаны саналатын Рамазан аталған бағыттағы жұмыстар үдей түсті десе де болады.

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде 4 отбасыға «Рамазан сыйлығы» атауымен талғажау етерлік азық-түлік себетін тапсырды. Оны осы мешіттің найб имамы Мадияр Әбиқұл табыстап, көмек алған жандарға ізгі тілегін  жеткізді.

 Сол секілді қаладағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыхановта 4 отбасыға азық-түлік қорын тапсырды. Көмек алған кісілер разылығын айтты.

Онымен қоса Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков  ауыл азаматының демеушілігімен сойылған 1 қойдың етін 5 отбасыға үлестіріп берді.

Бәйдібек ауылының әр жылғы азаматтары да ай сайын бір отбасыға көмек көрсетеміз деп уағдаласып, алғашқы азық-түлік қоры бір адамға берілді.

Сонымен қатар осы аптада мешітке көмек берушілер де аз болмады. Мәселен Сауытбек ауылындағы «Асайын кәлпе» мешітінің  ауласына ауыл жастары жұмылып 1 дана жарық шамын  орнатып берді.  Ауданның екінші шетіндегі Жиенбет ауылдық мешітіне де үлкен кісілер үшін орындықтар мен гүл құмыралары алынды.

Қорыта айтқанда қайырымдылық шаралары қияметке дейін тоқтамасы анық. Өйткені Аллаға және ахирет күніне иман келтірген мүминдер жасырын және жария садақа беруді тоқтатпайды. Лайым солай болғай!

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: