#Шу: Ауданда мешіттерінде ауызашарлар берілуде

#Шу: Ауданда мешіттерінде ауызашарлар берілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айында ораза ұстаушыларға ауызашар беру туралы бірқатар хадистер келген.  Аста-төк дастархан жасамай бір түйір құрма мен бір жұтым сүтпен болса ауыз аштыру үлкен сауап болмақ.  Мұны асыл дініміздің бұрыннан басшылыққа алған ата-бабаларымыз  жақсы білген, әрі амал еткен.

Шу ауданына қарасты мешіттерде ауызашарлар Рамазан айынан басынан бастап берілуде. Солардың бір парасын жазып, айтылған уағыздар туралы тарқатсақ..

Далақайнар ауылдық мешітінде осы ауылдың үлкен әулеті Құсайыновтар отбасы 200 адамға дастархан жайып, уәде етілген сауаптардан үмітті болды. Аталған ауызашарда мешіт имамы Дүйсенғали Көдебай ораза, арам етілген сусындар мен көре алмаушылықтың кесапаты туралы көпшілікке уағыз айтып, пайдалы мағлұматтарды жеткізді.  

Келесі ауызашарда Дүйсенғали Молдақасымұлы мұсылман адамның өзгелерден айырмашылығы мен тұлғалық болмысы жайында уағызын жеткізді.

Сол секілді Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітіндегі ауызашарда құтхана имамы Нұрлан Қалиев те уағыз-насихат жұмысын тұрақты түрде жүргізуде.

Ал, әсем асханасы бар Балуан Шолақ ауылындағы «Қойайдар» мешітінде де жуырда 80 адамға ауызашар берілген болатын.  Жергілікті имам Аян Смайыл жамағатқа «Сәресідегі береке» тақырыбында толыққанды мәлімет беріп, насихат жасады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: