#Шу: Медресе студенті сабақ өтуде

#Шу: Медресе студенті сабақ өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдары діни кадрлар тапшылығы болғаны рас.  Ертеңіне қам жеген ел ағалары мен діни қайраткерлер Ислами оқу орындарын ашып, шетелдік оқу орындарына шәкірт жіберді. Бүгінгі таңда жастарға отанымыздың қай түкпіріне барып имам, ұстаз боламын десе медресе, колледж бен университет бар. Бұл Алланың бізге берген тыныштығының себебінен. Сол үшін ұдайы шүкіршілік айтуды ұмытпаған абзал.

Жуырда Шу ауданы Белбасар ауылы  «Хати Сауранбай» атындағы мешітке тәжірибесін толыстыру үшін келген Аян Сатарқұл жамағатқа фиқһ әліппесін үйретуде. Дін жолында жұмыс істеуге бекінген Аян Абайұлы Һибатулла Тарази медресесінің 3 курс білімгері.  Оның бұл ісі мешітке жаңадан келуші жандарға өте қажет. Өйткені фиқһ ілім асыл дініміздегі өте қажетті білім.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: