Жуалы ауданы бойынша ауылдық мешіттердің және аудан орталық мешіт имамдарының атсалысуымен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде ілім алып жатқан шәкірттерге Қасиетті Рамазан айы құрметіне ауыз аштыруға 150 000 теңге қаржылай қаражат аударды.
«Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Қасиетті Рамазан айы ішінде Бауыржан Момышұлы ауылына қарасты Д.А.Қонаев көшесі және Б.Момышұлы көше тұрғындарының ұйымдастыруымен мешіт бастырмасында Рамазан айы құрметіне дастархан жайып, 120 адамға ауызашар берді.
Қарабастау ауылына қарасты «Билікөл» мешітінде жамағаттардың ұйымдастыруымен және мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған ауылымыздың ағалары 60 адамға арнап дастархан жайды
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.