Меркі аунына қарасты Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйытқы болуымен, ауыл кәсіпкері демеушілік жасап 5 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Қайыр қылсаң, бүтін қыл демекші бір қой сойылып, оның жәніне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік таратылды.
Көмек алған отбасылар алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, Тәтті ауылдық орта мектебінің 11 сынып оқушылары волейболдан аудан мектептері арасында өткен жарыстан жүлделі 1-ші орынды иеленген болатын. Осы кәсіпкер азаматымыз сол жеңістері үшін, волейбол құрамасына біріңғай ойын формасын сыйға тартты.
Алла кәсібіне, отбасына береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі