Рысқұлов ауданы Абай ауылының әкімшілігінде әкімшілік қызметкерлерімен «Қазақ мұсылманшылығы және дәстүрлі діндарлығы» атты тақырыпта кездесу болды. Осы тақырыпқа байланысты «Қалқабай ата» мешіті имамы Таукеев Талғат лекция оқыды.
Талғат имам өз сөзінде: «Дін мен діншілдің аражігін ажырата білу керек. Кейде діншілде яғни, діндар адамда көрінген кемшілікті діннен санап жататынымыз бар. Шын мәнісінде дін, кез келген халықтың мәдениеті мен салтына айналған құндылық. Мәселен, исламның әлем мәдениеті мен өркениетіне қосқан үлесі аз емес," - деп сөзін аяқтады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі