#Т.Рысқұлов: Иманы күшті ел мықты

#Т.Рысқұлов: Иманы күшті ел мықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рысқұлов ауданы Абай ауылының кітапханасында «Иманы күшті ел мықты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Тақырыптың төңірегінде  «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат баяндама жасады.

 Талғат имам баяндамасында: «Біздің дініміз – Ислам. Дін негізінен адамды рухани, яғни әдеп, иба, ынсап, қанағат, мейірім, шапағат, жаңашылдық, бауырмашылық, адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі сынды. Ол барлық уақытта адам баласын иманға тәрбиелеп келеді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал, иман дегеніміз, Аллаға, Алланың істеріне күмәнсіз сену дегенді білдіреді. Өзін мұсылман деп есептейтін әрбір адамның адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеті болуы абзал," - деп толықтыра кетті.

  Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: