#Шу: Ірі қара еті таратылды

#Шу: Ірі қара еті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында шулық қайырымды жан ірі қара сойып, соның етін бірқатар отбасыға берілуіне мұрындық болды. Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінде өткен шараға осы мешіттің имамы Нұрлан Қалиев куә болып, игі істің бастамасына батасын берді.

Алла атымен сойылған құрбандық еті қаладағы мұқтаж адамдарға таратылып, олардың ризашылықтарына бөленді.

Сол секілді Шу ауданы «Амангелді» мешітінің имамы Әбубәкір Абдрайымов ауылдағы қалталы азаматтың сойған ірі қара малдың етің 10-нан аса отбасыға үлестіріп, аманатқа адалдық танытты.

Шулық имамдар Рамазан айында барлық әлеуетін пайдаланып, ұлық айда ұлық амалды аянбай атқарып жатыр.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: