Жақында Шу қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте жоғарғы сынып оқушыларымен жиын өтті.
Шараға ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы қатысып, жастарға теріс ағымдардың алдын алу, сақтану, олардың сипатын тану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аудиториядан қойылған сұрақтарға қажетті жауаптар берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі