#ШУ: Сауапты істер сарқылмайды

#ШУ: Сауапты істер сарқылмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында мешіттер тарапынан атқарылып жатқан іргелі істер көп. Әсіресе қастерлі Рамазан айында сауапты амалдар қарқын алуда. Уағыз насихат жұмысы үдей түсіп, тәлімді һәм тәрбиелі әрекеттер күн сайын өтуде. Солардың бір парасына қысқаша тоқталсақ.

Мәселен жуырда Шу ауданы Ақтөбе ауылы «Жылғабек» мешітінің жамағаты ауылдық зиратта тазалық жұмыстарын жүргізді. Мешіт имамы Әбусейіт Қоспановтың айтуынша аталған істер мешіт имамының басшылығымен өтіп, шара басында қасиетті Құран аяттары оқылып, дүниеден өткен үлкенді кішілі әруақтарға дұға бағышталды.

Сонымен қатар  қаладағы «Тоғай» мешітінің ауласына гүл егу үшін құнарлы топырақ төгілді.  Ол туралы осы мешіттің имамы Мағжан Мұратұлы мәлімдеп отыр.

Сол секілді Бірлік ауылдық мешітіне ауыл азаматтары хатымхана құрылысына қажетті құрылыс материалдарын алып берді. Мешіт имамы Медет Жұматаев аталмыш іске 300 мың теңге жұмсалғанын баяндады.

Ал,  Шу қаласының батыс бөлігіндегі «Кәрібай молда» мешітінің имамы Нұрлан Қалиев мешітте тұрақты түрде ауызашар дастарханы жайылып, тарауих намазында хатым түсірілуде дейді. Сонымен бірге арнайы аудан мешіттеріндегі қарилардың басын қосып ауызашар берілген екен. Ал, тарауих намазы алдында уағыздар ұдайы айтылуда.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: