#Шу: Жұма күні жаңа имам тағайындалды

#Шу: Жұма күні жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырдағы жұмада  Шу ауданы "Кәрібай молда"мешітінің жаңадан тағайындалған имамы жамағатқа таныстырылды. Енді аталған мешіттегі жауапкершілік Нұрлан Жұмашбекұлы Қалиевке жүктелді. Ол бұрын "Төле би" мешітінде найб имам ретінде жүйелі жұмыс істеген.

Осы күні аталған мешітке арнайы барған Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Әміреев ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңа имамды жамағатқа таныстырды. Сонымен қатар Н.Қалиевке жылы лебізін білдіріп, жауапты жұмысына береке тіледі. Одан бұрын  Бахтияр Амантайұлы зекет жөнінде толығырақ ақпарат беріп, уағыз айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: