Таяуда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Шу қаласындағы "Жібек жолы" лицейінде болды. Онда ол Шу қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға қатысып, осы мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесті.
Жүздесу барысында бас имам жастарға білімнің пайдасы, оқудың маңызы туралы айтып, білімі жетік адам жат ағымдарға негізінен еріп кетпейтінін айтты. Осылай теріс ағымды ажырату үшін білімнің алар орны ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына Бахтияр Амантайұлы тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі