#Т.Рысқұлов: Қазақ мұсылманшылығы және дәстүрлі діндарлығы

#Т.Рысқұлов: Қазақ мұсылманшылығы және дәстүрлі діндарлығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рысқұлов ауданы Абай ауылының әкімшілігінде әкімшілік қызметкерлеріне «Қазақ мұсылманшылығы және дәстүрлі діндарлығы» атты тақырыпта кездесу болды. Осы тақырыпқа байланысты «Қалқабай ата» мешіті имамы Таукеев Талғат лекция оқыды.

 Талғат имам лекцияда: «дін мен діншілдің аражігін ажырата білу керек. Кейде діншілде яғни, діндар адамда көрінген кемшілікті діннен санап жататынымыз бар. Шын мәнісінде дін, кез-келген халықтың мәдениеті мен салтына айналған құндылық. Мәселен, исламның әлем мәдениеті мен өркениетіне қосқан үлесі аз емес. Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына Батыстың қосқан үлесі қанша болса, Батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен технология саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне мұсылман ғалымдардың қосқан үлесі де өте зор. К.В. Бодлейдің айтқанындай, қазіргі Батыс мәдениеті ренесансқа, ренесанс өз кезегінде исламға қарыздар. Сондықтан исламда да зайырлы сипат басым, егер ондай сипат болмағанда осынша таралу қарқынына ие бола алмас еді. Мұны Құран мен хадистер де жоққа шығармайды" -деді.

  Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: