#Тараз қаласы: "Әулие ата" мешітінің ауласы абаттандырылды

#Тараз қаласы: "Әулие ата" мешітінің ауласы абаттандырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан 122 жылдан астам тарихы бар көне «Әулие ата» мешіті ежелгі тарихи ескерткіштер қатарында. Дегенмен, бүгінгі таңда мешіт ғимараты мен ауласына қарап, бұл мешітті тарихи мешіт екен деп ешкім ойламайды. Өйткені имамдардың мешітке деген қамқорлығының арқасында мешіт бүгінде түрленген.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Алланың мешіттерін шынайы Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды тұрақты оқыған, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды (көркейтеді). Міне солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі».

Мешіт ұстау – рухани әрі материалдық жағынан мешітті көркейту деген сөз. Осы орайда, «Әулие ата» мешітінің имамы Орынбасар Орымбайұлы бұл істерде имамдарға үлгі болып келе жатқанын тілге тиек етсек, орынды болары сөзсіз.

   Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінің бастапқы күндерінде «Әулие ата» мешітіне «Қош келдің Рамазан айы» деген жазу жаздырып, ілгенде мешіт көркейе түсті. Бұл жазуға жұмсалған қаражат 300 000 теңгені құрайды.  

   Сонымен қатар, атқарылған жұмыстан бөлек, қала имамы мешітті абаттандыру жұмысына өзі қатысып, өзі гүл сатып алып, өз қолымен мешіт ауласына әртүрлі гүл екті. Гүл алуға 100 000 теңге қаражат жұмсалды.

АМАНГЕЛДІ ЕМБЕРГЕНОВ 

Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: