Жақында Шу ауданы "Төле би" мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев тарауих намазына келген жамағатқа оразаның пайдасы туралы уағыз айтты. Сонымен қатар оразадағы кейбір мәселелер турасында қосымша мәліметпен бөлісті.
Ал, Жиенбет ауылындағы "Жаужүрек Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков болса тарауих намазы алдында жолдасынан айырылған 5 бала тәрбиелеп отырған азаматқа қайырымды жандардан жиналған 60 мың теңгені табыстады.
Сол секілді Алға ауылдық округіндегі "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев кешкілік доп теуіп жүрген жастарға көлемді сусынды тарту етіп, ораза уақытындағы сияпат есебінде ұсынды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі