ҚМДБ Жамбыл облысы Қордай аудандық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған ауызашар жасалды.
Қыз-келіншектердің сауапты дастархандағы бас қосуында орталық Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Есімқараева сөз сөйлеп, көкем насихат айтты.
Ауызашар "Рамазан - рухани тазару" атты кеш ретінде өткізіліп, сұрақ-жауап ойыны жасалып, жүректерге жеткізіліп айтылған уағыздар нәзікжандыларға рухани нәр берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі