"ҚМДБ Халал" сертификатын алған кәсіпорындар тексерілуде

"ҚМДБ Халал" сертификатын алған кәсіпорындар тексерілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылманға тән халал тағам Құран Кәрімде анық айтылып, шариғатымызбен бекітілген. Сондықтан қандай жағдай болмасын, әрбір мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті. Осыған орай, "ҚМДБ Халал" сертификатын алған кәсіпорындар үздіксіз тексеріс үстінде.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Халал даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылай Ғабитұлы "Досматов" ЖК шұжық цехын жоспардан тыс тексеріп қайтты. 

Цех жағдайы мен шұжық өнімдері, тағамдық қоспалары жайлы толық мағұлмат алып, жеткізу, сақтау сынды қызметтерін қарады. Сондай-ақ алдағы уақытқа ниет еткен жоспарларымен танысты. 

Тексеру жұмыстары жартылай фабрикат өнімі "ПЫШКА" ЖК кәсіпорнында жалғасын тапты. Аталған мекеме жоспарлы түрде тексерістен өткізілді. Тағамдық қоспалар, сақталу жағдайы, өнімдерді қолдану мерзімі толық қадағаланды.

"Цехқа алып келінген ет өнімдері мен құжаттарына дейін тексеріп, шариғат талабына сай болуын талап еттік" - дейді технолог.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: