Сауат ашу курсы шәкірттері арасына облыстық Құран сайысы өтті

Сауат ашу курсы шәкірттері арасына облыстық Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның  Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітінде облыс бойынша діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.

Облыстың әр ауданынан 22 үміткер қатысқан додалы сайыс Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу және Құранның 5 парасын жатқа оқу секілді 2 номинация бойынша жүргізілді. 

Сайысқа қазылар алқасының төрағасы, облыс бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы (қари), қазылар алқасы мүшелері "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Аманкелді Бірлік қари, Республикалық және халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері "Һибатулла Тарази" облыстық мешітінің жанындағы қарилар дайындау курсының ұстазы Мырзагелді Иманәлі қари, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат төрелік етті.

Жарыс қортындысы бойынша қатысушылар арасынан ең үздік шыққандары анықталып, номинация бойынша орындар берілді. 

Құранның 5 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша Байзақ ауданынан келген Құрманбек Әбдолла 3-орын, Жамбыл ауданынан Каримов Абдулкарим 2-орын иеленсе, "Һибатулла Тарази" орталық мешітінің тәлімгері Талас ауданы атынан шыққан Әбдіқадір Рамазан 1-орынға ие болды.

Құранның бір парасын жатқа оқу номинациясы бойынша Тараз қаласының атынан шыққан Жәпек Рахымжан 3-орын, Жамбыл ауданынан келген Ризамухамедов Маруф 2-орын және Қордай ауданынан Дауров Абдульрауф 1-орын иегері атанды.

Барлық қатысушыға ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар  табысталды. Үлкендер шәкірттерге бата беріп, бұдан да үлкен асулардан аса берулерін тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: