Жамбыл облысының "Әдемі әуезді азаншысы" анықталды

Жамбыл облысының "Әдемі әуезді азаншысы" анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Азан - барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал.  Ислам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәтте айтылмай қалған емес. Сондай-ақ, қиямет күніне дейін әлемнің түпкір-түпкірінде азан даусы жаңғырып, өз міндетін атқара бермек.

Аллаға шүкір бүгінде мешіттеріміздің мұнарасынан жаңғырып, жүректі тербетіп шығатын азанды әуезді даусымен айтатын азаматтарымыз көп. Міне, солардың ішіндегі ең үздігін анықтау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жарыс ұйымдастырды. 

Аталған "Әдемі әуезді азаншы" атты V республикалық азаншылар жарысына Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті. Қасиетті Рамазан айында жасалып жатқан іріктеу сайысына Жамбыл облысының барлық аудандарынан 11 үміткер қатысты.

Бір-бірінен өтіп, азанды жүректерге жеткізе білген үміткерлердің ішінен жүзден жүйрігін анықтау оңай болған жоқ. 

Қазылар алқасының шешімен Меркі ауданы атынан келген Батыр Тохтамуратов 3-орын иегері атанса, Талас ауданынан Жалғасбай Жұбатханов  2-орынды қанжығасына байлады. Ал 1-орынды "Һибатулла Тарази" орталық мешітінің наиб имамы Абдужаппар Амиров жеңіп алды.

Ең әуезді азаншы атанған жеңімпаз Алматыда өтетін Республикалық азаншылар додасына жолдама алды. Ал жүлделі болған орын иегерлеріне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзаелдиев димлом мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: