#Тараз қаласы: Қайырымдылық – асыл қасиет

#Тараз қаласы: Қайырымдылық – асыл қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, айналасындағы мұқтаждарды қолынан келгенше қамқорлығына алған халықпыз. Қазіргі нарық заманында да тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға көмектесуді өздерінің міндетіндей көретін қамқор жандардың бірі ақ шапанды имамдар. Имамдардың қасиетті айдағы қайырымдылық шарасы жалғасын табуда. Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды. Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді баспанасының құрылысы жүріп жатқан, құрылыс материялдарына мұқтаж, асыраушысынан айырылған, 3 жетім баланың анасына жылы еденге ( тёплый полға) қажетті нәрселерді мешіт атынан, қайырымдылық көмек ретінде алып берді. Жұмсалған қаражат 177 700 теңгені құрайды

   Қайырымдылық көмекті алған отбасы имамға шексіз алғыстарын білдірді.    

Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: