Сатып алынған құдық

Сатып алынған құдық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Мұсылмандар Мәдинаға хижрет еткен кезде ауыз су мәселесі қиындау болған еді. Құдық көп болатын. Бірақ сулары онша жақсы емес-ті. Руме деген құдықтың суы өте керемет еді. Бұл құдық бір яһудидің құдығы болатын. Яһуди мұсылмандарды қинау үшін құдықтан әрдайым су бере бермейтін. Берген күнде де қымбат бағаға сататын, сондықтан барлық адам ала алмайтын және кедей мұсылмандар алуға қиналатын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны көріп ренжитін. Бір күні былай деді: «Руме құдығын кім алып, өз шелегін мұсылмандардың шелегімен тең ұстаса жұмақтағы шелегі бұдан қайырлы болады».

Мұны естіген хазіреті Осман (р.а.) дереу яһудиге барып, саудаласа бастайды. 12000 дирхамға (күміс теңге) құдықтың жарты үлесін сатып алады. Сөйтіп, құдықтың басында бір күн яһуди, бір күн хазіреті Осман (р.а.) тұрып су сататын. Яһуди тағы да жоғары бағаға сатады, ал хазіреті Осман (р.а.) тегін беретін. Мұсылмандар хазіреті Османның (р.а.) кезегінде екі күндік суларын алып алатын. Ертеңіне яһудиге ешкім бармайтын. Яһуди енді құдықтың қалған жартысын да сол бағаға хазіреті Османға (р.а.) сатқысы келеді. Бірақ хазіреті Осман (р.а.) оған көнбейді. Біраз уақыт өткен соң тағы барып, арзан бағаға ұсынып сатады. Осылайша, құдық толығымен мұсылмандардың қажеттілігіне жұмсалады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: