#Талас: Рамазан жайлы сұраққа жауап берген тұрғындарға сыйлықтар таратылды

#Талас: Рамазан жайлы сұраққа жауап берген тұрғындарға сыйлықтар таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет.

Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді» - деген (Имам Бухари). Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларын Рамазан айының келуімен құттықтайтын» - деген. Осы орайда Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешіті бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен Қаратау қаласында Рамазан айының құрметіне сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - елімізге рамазан айының кіріп келгендігін, ораза мұсылман жұртшылығы үшін үлкен мейрам екендігін сезіндіру әрі оны насихаттау.

Бұл игі бастамаға бас имам өзі тікелей қатысып, өзінің арнайы сыйлықтарын дайындап барды. Халыққа сұрақтар шариғаттан, тарихтан, әдебиеттен қойылды. Сұраққа жауап бергендерге бас имам сыйлығы табысталды.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: