#Шу: Қария мешітке жер телімін тарту етті

#Шу: Қария мешітке жер телімін тарту етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала қолдағы барымызды сынақ етіп берді. Қиямет күні оны қалай және қайда жұмсағанымыз туралы сөзсіз сұраламыз. Жаратушы Иеміз қасиеті Құранда мал-мүлігін Алла жолында жұмсағандарды мақтап, барша мұсылман қауымына үлгі етеді.

Жуырда Шу ауданы Қонаев ауылында жан сүйсінтерлік жағдай болды.  Осы ауылдың қариясы әрі атпал азаматы Жұмахан Оспанов иелігіндегі 50 соттық жерді мешіт меншігіне тегін берді. Бұл ескі ғимаратта орналасқан ауыл мешіті үшін ерекше тарту болатын. Өйткені жаңа мешіт соғуға ауылдың орталығы ыңғайлы еді.

Жұма күні ауылдық мешіт имамы Ердәулет Құлыбек кәсіпкер қарияға жамағат атынан  "Алғыс хат " тапсырып, иығына шапан жауып,  құрмет көрсетті.

Шу аудандық "Жәми"  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: