Жылдағы дәстүр бойынша оразаның бірінші күні Талас ауданы әкімі Қанатбек Мәдібек ақсақалдарға, зиялы қауымға, ауыл имамдарына, мешіт жамағатына жалпы 200 адамға ауыз ашар берді.
Ауызашарда аудан әкімі - Қанатбек Мәдібек сөз алып, барша ауыз бекітуші жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтады. Сөз соңында аудан әкімі имамдарымыздың қызметін бағалап, өз алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі