Талас аудан бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешітте сабақ беріп жүрген ұстаздарға қаржылай және рамазанға арналған сыйлықтар тарту етті.
Әріптестерін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза кезінде мұсылмандардың бір-бірін қуантуы ізгі амал екендігін айтты.
"Біз сіз болып, жамағатысыздың діни білімін көтеру керек. Біз осы мақсатта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз – елге, дінге қызмет ету, халқымыз арасында, соның ішінде жамағатымыз арасында бірлігімізді арттыру" - деді бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі