#Шу: Бас имам Далақайнар ауылына барды

#Шу: Бас имам Далақайнар ауылына барды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы апта соңында Далақайнар ауылына барды. Онда жамағат жайған дастарханнан ауыз ашып, мешітке келген кісілерге "Намаз-мұсылманның парызы" тақырыбында уағыз айтты.

Сонымен қатар ауылдық мешітте 20 жыл тапжылмай имамдық қызмет атқарған Дүйсенғали Көдебайға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлының "Алғыс хатын" тапсырып, асыл дініміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Ауылына мейман боп келген Бахтияр Амантайұлының қадамына қуанған далақайнарлық ата-ажелер мен мешіт жамағаты ауданның бас имамының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сол секілді аталған жиынға "Тоғай" мешітінің имамы Мағжан Рзахан да қатысып, ауыл тұрғындарына ілімнің артықшылығы туралы насихат жасады.

Мәжіліске қатысқандар тарауих намазын оқып, үйлеріне тарқасты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: