Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде қасиетті Рамазан айы түндерінде тарауық намазы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Аудан бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы тарауықтың алғашқы күндері «Қаратау Қажы би» мешітіне жиылған барша жамағатты мүбарак Рамазан айымен құттықтап, аталмыш айдың қадір қасиеті мен дәрежесі жайында уағыз айтты.
Аудандық мешітте тарауих намазында Шымкент қаласынан келген жас қари Сүлеймен Серғалиұлы хатым түсіріп жатыр. Қасиетті айдың құрметіне күн сайын жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылып, имамдарымыз тарапынан жамағаттың білім деңгейін көтеру мақсатында уағыздар айтылуда. Фикх, ақида, салт-дәстүр, логикалық сұрақтар қойлып, дұрыс жауап бергендерге бас имам дайындаған сыйлықтар берілді.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі