Степной ауылдық мешітінің молдасы Әлібек Ілиясов мектоп оқушыларымен жүздесіп, насихат жүргізді.
"Дін - дұрыс ұстансаң қасиетің, дұрыс ұстанбасаң қасіретің" тақырыбында жасалға шарада ислам діні, оның негізгі мақсаты жайлы түсіндіріліп, теріс ағымдардың адасқан тұстары, оның зияны тілге тиек етілді.
"Сенім деген – өте нәзік дүние. Ол көзге көріне бермейтін, қолға ұстала бермейтін нәрсе. Ал құлшылық – адам мен Алла арасындағы жасырын, риясыз амал. Бір мұсылманды: «Биыл оразаңды ұстадың ба, зекетіңді бердің бе, намазыңды оқып жүрсің бе?», – деп сауалдың астына алудың өзі орынсыз. Оларға: «Сен толыққанды мұсылмансың, ал сен жартылай мұсылман екенсің», – деп «баға» беруге немесе «төрешілік» жасауға, яки сенім мен иман дәрежесін «анықтауға» болмайды. Адамның жүрегіндегі нәрсені, ниетті Алла ғана біледі. Әрбір қазақтан: «Мұсылмансың ба?» – деп сұрасаңыз: «Әлхамдулалла, мұсылманмын», – деп жауап беретіні белгілі" - дейді мешіт молдасы.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі