#Қордай: Имамдар спортшы жастармен кездесті

#Қордай: Имамдар спортшы жастармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Болашағын бағамдайтын дініміз, ел мешіттері жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Жас кезде берілген білім - барлық білімнің іргетасы. Ал іргетасының берік болуы кез келген дауылға төтеп береді.

Осыған байланысты Қордай ауданының имамдары спортшы жастармен жүздесті. Дінді дұрыс түсіну, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында насихат жұмыстарын жүргізді.

 АТТ  мүшелері, Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек, азаншысы Бекзат Жұмабайұлы жастарға ислам діні жайлы, ағымдар жайлы ақпараттың ара-жігін ажырататын мағұлматтар берді. Жастар өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: