#Қордайда "Рамазан қоржыны" таратылды

#Қордайда "Рамазан қоржыны" таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауаптар 10 еселенетін қасиетті Рамазан айында игі амалды әдеттегіден де көп жасап, жақсылықта жарысу маңызды.

Осындай игілік Қордай ауданында жасалып, аудан орталығында 10 адамға, "Бетқайнар" ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен ауылда 18 кісеге "Рамазан қоржыны" табысталды.

Азық-түлік салынған рамазан сыйлығына жалпы 315 мың теңге қаражат жұмсалды. 

Жақсылықта жарысу Алланың ризашылығын, шайтанның ашуын туғызады.
 
Жақсылықта жарысу арқылы пенде осы дүниеде де, ақыретте де табысқа жетеді.«Жақсы қасиеттер кейбір кісілерге басқаларға қарағанда көбірек жарасады: Мысалы әділет жақсы. Бірақ ол бастықта болса, одан да жақсырақ. Жомарттық жақсы. Бірақ байда болса одан да жақсырақ. Уәра ғалымда, сабыр кедейде, тәубе жастарда болса, басқаларға қарағанда жақсырақ көрінеді. Ар-ұят жақсы. Бірақ ол әйелде болса жақсырақ» дейді шариғатымыз.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: