#Жамбыл: Рамазанда 55 отбасына қайырымдылық жасалды

#Жамбыл: Рамазанда 55 отбасына қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешіті тарапынан жағдайы төмен ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді. Ұлық айда жасалған бұл игі іс елу бес отбасына қамтыды.

Аталған шарада ауыл имамы Рахматулла Каримов және мешіт жамағаты бірігіп, аталған отбасылардың үйіне дейін көмекті жеткізіп берді. Қайырымыдылық көмекті алған отбасылар ауыл имамы мен мешіт жамағатына алғыстарын жаудырды.

Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари). Сондықтан, кемел айда қолымыздан келгенше молынан жақсылық жасап, садақа беруге тырысайық!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: