Биылғы Рамазан Шу ауданы үшін ерекше басталды десек артық айтқандық емес. Өйткені ауданымыздың 9 мешітінде жамағат Алла сөзін жатқа білетін жігіттерге ұйып тарауих намазын өтеп жүр.
Сондай нығмет Шу ауданы Бірлік ауылдық мешітіне бұйырған екен. Атбасар медресенің шәкірті, жас қари Мәкіш Орал кешкісін тарауих намазын өткізсе, күндіз ауыл балаларына Құраннан дәріс беріп жүр.
Рамазан-Құран айы. Сондықтан саналы мұсылман осы айда әліппе окып, кәләмулЛаны оқып, жаттауға талпыну керек. Жоқ дегенде ана тілдегі аударманы оқып шығу ләзім.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі