#Жамбыл: Рамазаның 3 күнінде 30 отбасына қайырымдылық жасалды

#Жамбыл: Рамазаның 3 күнінде 30 отбасына қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің ұйымдастыруымен айлардың сұлтаны болған Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық көмек жасалған болатын.

Аталған көмек тұрмысы төмен 30 отбасына үлестірілді. Ауқымды шараның басы–қасында болған ауыл имамы Айтжан Керимов  қайырымдылыққа ұйытқы болған мешіт жамағатына өз алғысын білдірді. 30 отбасына таратылған қайырымдылық көмектің қаражат сомасы 375 мың теңгені құрады. 

Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді. Сонымен бірге, қайырымдылық себеттерін алған ауыл тұрғындары мешіт тарапына алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: