Жуырда Шу ауданы Алға ауылдық округінің "Амангелді" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Осы ауылдың тұрғыны әулеті атынан бір ірі қара малын сатып алып, сойғызған. Оның еті 13-ке бөлініп, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылды.
Аталған қайырымдылық шарасына 270 мың теңге жұмсалған. Аманат етіп берілген дүниені осы мешіттің имамы Әбубәкір Абдрайымов өз басшылығымен иелеріне үлестірді. Еттің мол үлесін алғандар алғыстарын жаудырып, жақсы тілектерін жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі