Жуырда Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы "Жылғабек" мешітінің имамы Әбусейіт Қоспановтың ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Онда имам ауылдағы ахуалы төмен 3 отбасыға азық-түлік қорын тапсырып, ризашылықтарын алды.
Сол сияқты Шу ауданы "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов баласының еміне қаржы сұраған отбасыға 50 мың теңге табыстап, Алладан бүлдіршініне шипа сұрап, дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

