Тараз мешіттері 3 күнде 170 адамға қайырымдылық жасады

Тараз мешіттері 3 күнде 170 адамға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - адам жанының нұры. Жүректерге мейірім салатын, қоғамда береке орнататын ұлық амал. Ал қасиетті Рамазан айында бұл амал әдеттегіден ерекше көп жасалатыны мәлім. 

Оған дәлел ораза айы кірген алғашқы 3 күннің ішінде Тараз мешіттері 170 адамға қайырымдылық жасап үлгерді. Тараз шаһарының бірнеше мешіттері бірлесіп, 150 адамға азық-түлік үлсестірсе, 20 адамға "Рамазан қоржынын" табыстады. 

Қала имамдарының ұйытқы болуымен атқарылған қайырымдылыққа жалпы 1 926 000 теңге қаражат жұмсалды.  Аталған игі іс-шара алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: