Байзақ аудандық “Байзақ баба” мешітінде мешіт ұстазы Жанат Кушербаеваның жетекшілігімен “Қош келдің Рамазан!” атты рухани кеш өтті.
Аталмыш шара әдеттегідей Құран оқылуымен басталып, шәкірттердің осы қасиетті Рамазан айы жайлы хадистер оқуымен жалғасты. Сонымен қатар ораза ұстау тек ішіп-жеуден тыйылумен ғана шектелмейтінін, өсек, өтірік айтудан да бас тарту керек екенін білдірту мақсатында “Християн қыздың қулығы” атты көрініс көрсетілді.
Мешіт ұстазы сұрақ-жауап ұйымдастырып, ынталандыру сыйлықтарын таратты. Соңында мешіт ұстазы уағыз айтып, үлкен апаларымыздың батасын алумен аяқталды!
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі