100 отбасыға "Рамазан қоржыны" табысталды

100 отбасыға "Рамазан қоржыны" табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында сауаптар 10 еселенеді. Ендеше, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде орын алды. 

"Рамазан қоржыны" деп аталатын ауқымды қайырымдылық науқанында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға көмек ретінде азық-түлік таратылды. 

Орталық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен жасалған іс-шараға Дәулет бауырымыз бен жанұясы демеушілік жасады. Қайырымдылықты анасы марқұм Бейбіт Тілеуқызына арнап, марқұмға сауабы тисін деп дұға жасады. 

Арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев шығып, Рамазан айымен құттықтап сөз сөйледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: