#Меркі ауданы: Мешіт асханасы күрделі жөндеуден өтті

#Меркі ауданы: Мешіт асханасы күрделі жөндеуден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жанындағы асханасы іші мен сыртына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініе бас имам болып жаңадан тағайындалған Азамат Берікұлының басшылығымен ең бірінші қолға алынған іс мешіт асханасын заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізу еді.

Сол үшін кәсіпкер азаматтарымыздың басын біріктіріп, Алла разылығы үшін жөндеуден сәтті өткізді. Қазір асхананың сырты мен ауласы жаңаша түрленіп, көркейе түсті, үстел мен орындықтары жаңартылды және жаңа дыбыс күшейткіштермен (колонка) жабдықталды. Асхана халыққа қызмет көрсетуге дайын.

Осы игі іс-шараға атсалысқан барлық азаматтарға Алла разы болсын.

Одан бөлек  алдағы уақытта, «Меркі ата» мешітінің ғимараты және мешіт дәретханасының іші-сыртын толықтай жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарлануда.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: