Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен ауызашар берілді.
Басқаларға үлгі болып, бірінші ауызашарды мешіт жамағаты берді. Рамазан айы он екі айдың сұлтаны болған мүбәрәк ай. Ауыз бекіткен адамның сауабы шексіз болғаны себепті, ауызашардың да сауабы өте мол. Мешіттің жамағаты кең дастархан жайып, Алла разылығы үшін таңертеннен кешке дейін ораза ұстағандар үшін қызмет жасады. Рамазан айында ауыз бекіткен барша мұсылмандардың оразалары қабыл болсын!
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі